«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиадада Ақтөбе облысы топ жарды

Ақтөбе қаласында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы дәстүрлі Спартакиада мәресіне жетті, — деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Бір аптаға созылған әріптестер арасындағы сынға 17 облыс пен Астана, Шымкент қаласының командасы жиналып, спорттың 8 түрінен шеберлік байқасты. Олар: үстел теннисі, гір тасын көтеру, жүзу, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, шахмат, шағын футбол, волейбол.

Нәтижесінде жалпы есепте Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметшілері топ жарды. Олар шешуші жарыс күні шағын футбол мен волейболдан финалда қарсыласынан басым түсті. Сондай-ақ бірнеше күн бұрын қазақ күресінен аса ауыр салмақта Ақтөбе облысы спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысының орынбасары Шыңғыс Шоқпытов чемпион атанған. Ал Ақтөбе облысы Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Евгений Гончаров гір тасын көтеруде алдынан жан салған жоқ.

«Бүгін 2 финалмен салалық Спартакиаданы жоғары деңгейде аяқтап отырмыз. Бір апта бойы қаламызда еліміздің әр өңірінен түрлі лауызымдағы мемлекеттік қызметшілер бас қосты. Жарыс барысында шеберлік байқасқанымен, қалған уақытта бір-бірімен араласып, жақсы қарым қатынас орнатты деген сенімдемін. Біздің облыс осы Спартакиаданы жоғары дәрежеде ұйымдастыруға барын салды. Былтыр Талдықорғандағы жарыстан кейін дайындықты бастап кеткенбіз. Міне бүгін жалпы есепте 1-орын алды. Бұл бәріміз үшін спорт мерекесі болды»,-деді Ақтөбе облысы Спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысының орынбасары Шыңғыс Шоқпытов.

Жалпы есепте 2-орын Батыс Қазақстан облысы командасының еншісінде. Бұл өңірдің мамандары гір тасын көтеру (Исатай Қарабаев 85 кг), қазақ күресінен (Темірлан Ғаббасов 82 кг) алтыннан алқа тақты. Тоғызқұмалақ, жүзу, шағын футболдан тұрақты жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Үздік үштікті Түркістан облысының қызметкерлері түйіндеді. Оңтүстік өңірдің волейбол командасы бүгін финалда Ақтөбе ұжымына тегеурінді қарсылық көрсетіп, 2-орынға ие болды. Алдыңғы күндері тоғызқұмалақ (Ермек Ағабек) пен қазақ күресі шеберлерінің жоғары нәтижесі Түркістан облысына қорытынды кестеде басымдық сыйлады.

Айта кетейік, былтыр бұл Спартакиаданы Жетісу облысы қабылдаған. Келесі жылы кезек – Атырау облысында.

Ұқсас ақпараттар

WBO Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласын бекітті

admin_mugalzhar

«120 балл жинағандарға арнайы грант»: Қазақстанда білім гранттарын бөлудің жаңа механизмі ұсынылды

admin_mugalzhar

Дильназ Даулетова: Еліме пайдам тисе деймін

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.