«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бірлік ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салынуда

Мұғалжар ауданының Бірлік ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктіні қазан айында халық игілігіне беру жоспарлануда.

Медициналық мекеменің құрылысы биылғы жылдың шілде айында басталды. ФАП «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»ұлттық жобасы аясында салынуда.

Бірлік ауылына барған өңір басшысы Асхат Шахаров медициналық мекеменің құрылысын бағамдап, жергілікті тұрғындардың ФАП-қа ыңғайлы жетуі үшін жол салуды тапсырды.

Жобаның құны 189,5 млн. теңгені құрайды. Үкімет резервінен 113 млн. теңгеден астам, облыстық бюджеттен 20 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінген. «Техно-С» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күні нысанның іргетасы қаланып, құрылысшылар қабырғаларын көтеруге кіріскен. Медициналық пункт 40 келушіге арналады.

Бірлік ауылында бүгінде 710 адам тұрады, 168 түтін бар.

Ұқсас ақпараттар

САНАҚ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

Димаштың бейнебаяны Аргентинада көрсетілді

admin_mugalzhar

АҚТҮТЕК БОРАН… ЖОЛ және АДАМ…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.