Аудан орталығында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға берілетін қайтарымсыз грант комиссиясы өтті. Business.enbek.kz порталында өтінімдерін берген 58 адам комиссия мүшелері алдында өз жобаларын қорғады. Нәтижесінде 21 адамға қайтарымсыз грант берілді.
Әлеуметтік осал топ азаматтарының бизнес-жобасын жүзеге асыру мақсатында берілетін қайтарымсыз қаражат алуға өтінімдер электронды форматта қабылданды. Бұл қолдауға еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдар, қандастар, атаулы әлеуметтік көмек алушыотбасылар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатын отбасылар тарапынан өтінімдер түсті. Бизнес идеяларға берілетін грант сомасы 400 АЕК, яғни 1 476 800 теңгені құрайды.
Әр өтінім беруші комиссия алдында өз жобасын қорғап, кәсібін әрі қарай қалай дамытатындығы туралы баяндады. Грант алуға үміткерлер кондитерлік өнімдер дайындау, құрылыстық қолғап тігу, тоқымакиімдертоқу, клининг қызметін көрсету, глютенсіз ұн өнімдерін дайындау, гидромассаж, мал шаруашылығы, жартылай фабрикаттар дайындау сынды жобаларды ұсынды.
Комиссия өкілдері бизнес-жобалардың өміршеңдігіне, бәсекеге қабілеттілігіне және үміткердің кәсібилігіне баса назар аударды. Комиссияның шешімімен оң қорытынды алған бизнес-жобалардың ішінде клининг қызметі, гидромассаж, тігін цехын ашу, ат әбзелін дайындау, автокөлік құралдарын компьютерлікдиагностикасы, дәнекерлеу қызметі, құрылысқа арналған мақта қолғаптарын өндіру, тоқыма өнеркәсібі секілді бизнес идеялар қолдауға ие болды.
Сонымен бірге комиссия отырысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы тікелей эфир ұйымдастырылып, қалатұрғындарыжұмысбарысын бақылады. Бүгінде грант иегерлерімен келісімшартқа отыружұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта орталық мамандарының және комиссия мүшелерінің қатысуымен бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.
Н.АБАТ