«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІРЛІКТЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНУДА

Құмжарған ауылдық округінің орталығы Бірлік ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы жүргізілуде. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту»» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан медициналық нысанның құрылысы ағымдағы жылдың шілде айында басталған.

Осы жылдың қазан айында пайдалануға берілмек. Жобаның жалпы құны 189,5 млн теңгені құрайды. Үкімет резервінен 113 млн теңгеден астам, облыстық бюджеттен 20 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «Техно-С» ЖШСі жүргізуде. Бүгінде медициналық нысанның іргетасы құйылып, құрылысшылар қабырғаларын көтеруде.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Бибігүл Төлегенова 95 жасын «Астана Опера» сахнасында атап өтті

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ: 763 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты

admin_mugalzhar