«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІРЛІК АУЫЛЫ: ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Аудан аумағында орын алған су тасқынының салдарын жою бойынша ауқымды іс-шаралар атқарылуда. Соның бірі — Құмжарған ауылдық округінің орталығы Бірлік ауылынан салынып жатқан бес үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды. Бұл туралы ауыл әкімі Қанағат Қалиев айтты.

Тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға салынып жатқан үйдің құрылыс жұмыстарын «Айлин СтройТрейд» компаниясы жүргізуде. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталып, үйлердің шарбақтары қойылған. Ішкі жұмыстары да толықтай біткен.

-Мердігер мекемелердің жұмысшылары құрылыс жұмыстарын үлкен жауапкершілікпен атқарды. Бүгінде барлық жұмыстар толықтай аяқталды. Салынып біткен 4 бөлмелі тұрғын үйдің жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрайды. Үй ішінде тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған. Бұл үйлер үшін ауылдан арнайы орын берілмеді. Үйлер Мамытов көшесін — дегі бұрын үй болған, қазір бұзылып, орыны тегістелген жер учаскелерін салынды. Үйлердің барлығы бір көшенің бойында орналасқан. Ауыл тұрғындары үйлеріне кіріп, қоныс той тойлауды асыға күтіп жүр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына жауапты мекеменің мамандары салынған үйлерге газ және су тарту жұмыстарын атқарып жатыр. Жақын арада үйлер пайдалануға берілетін болады, -деді округ әкімі Қанағат Қалиев.

Тасқын кезінде Бірлік ауылында 13 үйге су кіріп, барлығыдажарамсызболған. Зардап шеккен тұрғындардың 5-еуі ауыл орталығынан салынып жатқанүйгеорналасса, 8- і Қандыағаш қаласынан дайын үй сатып алған.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

ПАРА ЖҮЗУДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin_mugalzhar

АҒАЙЫННЫҢ ҮЙІНДЕ АЛАҢСЫЗ ЖАТАТЫН ЕДІК…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.