«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Жуырда Ақтөбе қаласында Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Назар ұрпақтары» тарихи-танымдық жинағының таныстырылымы өтті. Мұғалжар ауданының Құрметті азаматы Сәрсенбай Құлмурзинов аталған кітапқа тарихи материалдарды жинақтап, жетекшілік етті.

Шараға Сәңкібай батырдың ұрпағы Әлмұхамбет Хибин, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Қазақстанның құрметті журналисі», «Ақпарат саласының үздігі» Жанғабыл Қабақбаев, Мұғалжар ауданының Құрметті азаматы Сәрсенбай Құлмурзинов және т.б. зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары мен тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Жаңа тарихи-танымдық жинағының тұсаукесерін мемлекеттік қызмет ардагерлері, Мұғалжар ауданының құрметті азаматтары Амангелді Шунимов пен Бердіғали Әйтпембетов өткізді.

Оқырман назарына ұсынылған кітапта Кіші жүздегі Әлімнің алты аталығының бірі Жаманақтың (Шекті) кенже баласы Бөлектен тарайтын Бұжырұлы Назар ұрпақтары жөнінде, олардың қоғам дамуына қосқан үлесі туралы мағлұматтар баяндалады. Бұжыр батыр – (т.қ.ж.белгісіз) Кіші жүздің Әлімұлы – Өріс – Бөлек – Бұжыр болып тарайды.

Тарихи тұлға. Шамасы бұдан 300-500 жыл бұрын өмір сүрген. Бұжыр палуан тұлғалы, қайратты, ірі болған. Қазақ пен қалмақ соғысында ерлікпен көзге түскен. Соғыстарда үстінен тастамаған сауыты бүгінде Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы тұр. Шара барысында Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Рысжан Қарағұлова мен Балагүл Бакиева «Тарих. Тұлға. Өнеге» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу өткізді.

Сонымен қатар, «Еңбек» ардагері» медалінің иегері, домбырашы Сәлима Алдабергенова Қазанғаптың «Ақ желен», Құрманғазының «Алатау» күйлерін тартып, Сәнкібай батырдың ұрпағы Қанат Айтанов Бәкір Тәжібаевтың «Туған жер» әнін орындап, жиналғандардың ыстық ықыласына бөленді.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ЕРКІН КҮРЕСТЕН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

admin_mugalzhar

«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ – АУДАНДА

admin_mugalzhar

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.