«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

6 қазанда АЭС бойынша референдум өтеді – Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС-ке қатысты Үкіметтің ұсынысын қолдайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.
Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр, – деді Президент.
Президенттің айтуынша, ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет.
Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін, – деді ол.
Тоқаев стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санайды.
Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын, – деді Мемлекет басшысы.
Президент Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтетінін мәлімдеді.
Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас ақпараттар

Мақсат — «Кедергісіз қала» бағдарламасын жүйелі жүзеге асыру

admin_mugalzhar

ҚОЛ ЖЕТІМДІ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОЛ ЖЕТТІ МЕ?…

admin_mugalzhar

КЕРУЕН КӨРКІ — ӘН МЕН ЖЫР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.