Мұғалжар аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы болып Серік Қазбекұлы Қазбағамбетов тағайындалды.
Серік Қазбағамбетов 1983 жылы Қандыағаш қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары 2004 жылы Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006-2008 жылдары Ақтөбе облысы әділет департаментінің санаткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастаған.
Әр жылдары Ақтөбе облысы әділет департаментінің санаткерлік меншік құқықығы жөніндегі бөлімінің бас маманы, Ақтөбе облысы әділет департаментінің діни істер жөніндегі бөлімінің бастығы, Ақтөбе облысы әділет департаментінің Мұғалжар, Темір аудандары әділет басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Осы қызметке тағайындалғанға дейін Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыру және құқықтық жұмысы бөлімшесінің басшысы қызметін атқарып келді.
Жаңадан тағайындалған бөлім басшысының жұмысына аудан әкімі Дархан Ермағанбетов сәттілік тілеп, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.