«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

РЕФЕРЕНДУМ: АЭС САЛУДЫ 23 595 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҚОЛДАДЫ

6 қазан күні елде атом электр станциясын салу жөніндегі республикалық референдум өтті. Ел болашағы айқындалатын саяси науқанға еліміз бойынша 7 млн 820 мың 204 қазақстандық қатысып, өз таңдауларын жасаған. Бұл – дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,66 пайызы. Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 млн 561 мың 937 адамды немесе 71,12 пайызды құрайды.

Елімізде АЭС-тің салынуына байланысты өткен референдумға аудан тұрғындары да белсене қатысты. Референдум өткен күні аудан аумағында жалпы саны 46 референдум учаскесі жұмыс істеді. Оның 11- і аудан орталығы Қандыағаш қаласында, қалғандары Ембі, Жем қалаларында және елді мекендерде орналасты. Ал референдумға қатысып, дауыс берген мұғалжарлықтардың саны 41 605 адам болды.

— Референдум аудан аумағында жоғары деңгейде өтті. Референдум учаскелеріндегі комиссия мүшелері дауыс беруші тұрғындарды қабылдап қана қоймай, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырып, келушілердің көңілін көтерді. Ол жерде мүгедектігі бар азаматтарға барлық жағдай жасалды. Ал үйден дауыс беруге 202 адам өтініш түсірді. Оларға комиссия мүшелері үйлеріне барды. Аудан аумағында өткен референдум қорытындысы бойынша дауыс беруші 41 605 адамның 32 852- сі өз таңдауларын жасады. Бұл қатысушылардың 78,86 пайызын құрайды. Референдумға келіп дауыс бергендердің 71,8 пайызы «иә» деп жауап берсе, 8771 адам қарсылығын білдірді, — деді аудандық референдум комиссиясының төрағасы Ғалым Дәрімбетов.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

Четыре наркомана и один токсикоман состоят в Мугалжарской райбольнице в настоящее время на учете

admin_mugalzhar

30 тысяч безработных планируется обучиться в рамках проекта «Бастау бизнес»

admin_mugalzhar

Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.