«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАР ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДА

Сотты болып, пробация есебінде жүргендерді қоғамға қосудың басты тетігі — жұмыспен қамту. Осы орайда, ауданаумағындапробацияқызметінің есебіндетұрғандардыжұмыспенқамту үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Аудандық «Мансап» орталығының маманы Жайнагүл Аманбаеваның берген мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы аудан бойынша пробация есебінде тұрған 27 адамды мекемелер мен кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру жоспары бекітілген. Оның ішінде жұмыссыз ретінде 5 адам тіркелген.

-Бүгінде 5 адам квота бойынша мекемелерге жұмысқа тұрды. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыс орнына 1 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 5 адам жолданды. Ал 3 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 1 адам қысқа мерзімдік курсқа қатысып, «Электрогазсварщик» мамандығын оқып, жұмысқа орналасты, — деді орталық маманы.

Сондай-ақ ол «Мансап» орталығында бос жұмыс орындары үшін жәрмеңкенің жиі өткізіліп тұратынын, жәрмеңке кезінде жұмыстан бас тартатын азаматтардың қарасы көп екенін жеткізді.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде вакцинаны қоғамдық орындарда да салдыруға болады

admin_mugalzhar

Синоптиктер +10°С-қа дейін күн жылынады деп болжады

admin_mugalzhar

Бірқатар құтқарушылар мен медицина қызметкерлері наградаға ұсынылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.