«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

10 қазан — Кәсіподақтар күні мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны ұйымдастырған «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Мұхтарита Сағындықова кәсіподаққа мүше бір топ мемлекеттік қызметкерлерді марапаттады.

Марапат алғандардың қатарында Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ғайният Асқаров, Мұғалжар ауылдық округінің әкімі Әлімжан Қорғанбай және
аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың біріңғай қызметінің (кадр қызметінің) басшысы Айнұр Таяуова бар.

Мерекеге орай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ғайният Асқаров «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Мұғалжар ауылдық округінің әкімі Әлімжан Қорғанбай «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы төрайымының Құрмет грамотасымен, аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың біріңғай қызметінің (кадр қызметінің) басшысы Айнұр Таяуова «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы төрайымының Алғыс хатымен марапатталды. Әріптестеріміздің марапаттары құтты болсын.

Ұқсас ақпараттар

ЕРКІН КҮРЕСТЕН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

admin_mugalzhar

ЕМБІ: ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСАДЫ

admin_mugalzhar

АЭС ЭНЕРГИЯНЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН САЛАЛАР ҮШІН МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.