«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі өзгереді

Мәжілісте өткен брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі өзгеретінін айтты, деп жазады Egemen.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.
Енді Әлеуметтік кодекске «әлеуметтік аудит» ұғымы енгізіледі. Осыған сай атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың мүмкіндіктері сараланады.
«Адам көмекке мұқтаж ба, жоқ па, оған жұмыс, төлемдер және тағы басқа қолдау шаралары қажет пе, соның бәрін әлеуметтік аудит көрсетеді», деді Светлана Жақыпова.
Министр осы төлемді алушыларға жұмыс қатар ұсынылатынын жеткізді. Азамат ұсынылған жұмыстан бас тартқан жағдайда атаулы әлеуметтік көмек те берілмейді.
«Біз атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаймыз ғой. Оған қоса, жұмыс та береміз. Ол адам жұмыс істемеймін, «АСП» ғана аламын дейді. Онда, кешіріңіз, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды деп айтамыз. Қазіргі кезде ондай шаралар бар», деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде ядролық медицина орталығы салынады

admin_mugalzhar

ЖҮРЕК АУРУЫ ЖАС ТАЛҒАМАЙДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанның жас математиктері халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.