«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Еліміздегі мектептердің 88% инклюзивті білім беруге жағдай жасады

Қазақстандық мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылуда. Бүгінгі таңда мектептердің 88%-да инклюзивті білім алуға жағдай жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Биыл алғаш рет психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделі енгізілді. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін қолдау көрсету кабинеттері мен жеке бағдарламалар үшін жаңа талаптар әзірленді.

-Қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде 60 мың бала қажетті психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған. Бұл әрбір баланың сапалы білімге тең қол жеткізуі үшін жасалған маңызды қадам, — деп атап көрсетті Оқу-ағарту министрлігі Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептердің басты міндеті — әр балаға жеке қолдау көрсете отырып, бірегей қабілеттерін дамытуға және әлеуметтік сын-тегеуріндерге төзімділік танытуға көмектесу болып табылады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда бензин мен дизель отыны қымбаттады. Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

admin_mugalzhar

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР — БАҚЫЛАУДА

admin_mugalzhar

Айнұр СИДАҒҰЛОВА, 6 баланың анасы, «Күміс алқа» иегері: ӘР БАЛА ӨЗ НЕСІБЕСІМЕН ТУАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.