«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Еңбек ауылдық округіне қарасты Сағашилі, Басшилі және Темір-көпір ауылдары мен Талдысай ауылдық округіндегі Талдысай және Еңбек ауылдарында аппаттық-қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты кешкі 20:00-ге дейін электр энергиясының берілуі уақытша тоқтатылады.
Осыған байланысты «Энергосистема» ЖШС-нің Мұғалжар аудандық электр желілер учаскесінің жұмысшылары аудан тұрғындарын жүргізілетін жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Еске сала кетейік, аталған елді мекен тұрғындары аудан аумағында екі күн қатарынан орын алған қатты желге байланысты жарықсыз қалған еді. Боранға қарамастан, уақытша болса да тұрғындардың үйлеріне жарық берілді. Ал қазіргі уақытта толыққанды аппаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде «Жас кәсіпкер» форумы өтті

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШ ӨҢІРЛІК КӨЛІК ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

Зейнетақы, әлеуметтік төлем: Қазақстан қарияларына қандай жағдай жасаған

admin_mugalzhar