«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын қазірден бастау қажет. Бұл туралы Ембі қаласында аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың қатысуымен өткен жиында айтылды.

Бүгінгі таңда Ембі қаласының аумағында қала бойынша жауапты мердігерлер қар тазалау жұмыстарын жүргізуде. Жиында көктемгі су тасқыны жағдайларына жол бермеу бойынша дайындық іс-шаралары талқыланды. Қазіргі уақытта аудан бойынша қалалық және ауылдық округтерде су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары басталды.

Су тасқынына қарсы тиісті шаралар дер кезінде атқарылуы тиіс. Жиын барысында аудан басшысы Ембі қаласындағы мекеме, кәсіпорын басшыларына және төтенше жағдайлардың алдын алуға жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

Бала тууына байланысты берілетін төлемдерді тұрғылықты тіркеу орнынан тыс рәсімдеуге болады

admin_mugalzhar

Халықаралық пәндік олимпиадаларда Қазақстан оқушылары 21 медаль еншіледі

admin_mugalzhar

Президент Таза Қазақстанның түпкі мәні қоғамдық сананы жаңғырту екенін атап өтті

admin_mugalzhar