«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМНЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

Қарлығаш ҚОНАРБАЕВА, Қайыңды ауылының тұрғыны:

-Газет – елдің тыныстіршілігін, маңызды ақпараттарды айқын әрі нақты беретін бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды бөлігі. Олай дейтінім, бүгінгідей сәт сайын сан өзгеретін интернет парақшаларынан шынайы ақпарат табу қиын. Ал газет бетінен танымдық, деректі, тарихи, өзекті мәселелерге негізделген мақалаларды оқуға болады. Осындай тақырыптарды көтеріп, оқырманның ойында жүрген мәселелерді жазатын «Мұғалжар» газеті — аудан жаңалығын, тарихи, мәдени, әдеби, ұлттық-сананы, дәстүрді дәріптеп жариялайтын аудандағы бірегей басылым. Біздің ауданның топырағы тарихқа, қойнауы кенге толы. Біз оқырман ретінде ауданның тарихына қызығушылық танытамыз. Газет беттерінен аймақ тарихына қатысты тың деректер арқау болған материалдарды көрсек дейміз. Өйткені, ұлттың өткенін жазу – онсыз да кенжелеп қалған тақырып. Біз, кітапханашылар, өзімізге жүктелген міндеттер аясында кітапхана сөресіндегі кітаптар және газеттердегі мақалаларды цифрландыруға «Мұғалжар» газетінде жарияланған «Таңбалы тастары тарихтан тамыр тартқан Мұғалжар», «Мұнарлы Мұғалжар» сынды тарихи мақалаларды енгіздік. Мұндағы мақсат — біздің ауданымыздың тарихи жерлерін тек біздің мұғалжарлықтар ғана емес, барлық қазақстандықтар да оқып, таныссын дегеніміз.

Газет – тарих. Кітапханалар ме мұрағат сөрелерінде жылдар бойы сақталады. Өз басым ауданның саяси жаңалықтарын әлеуметтік желіден емес, газет бетінен оқып, біліп отырамын. Сол үшін мерзімді басылымдарға жазылып, әр нөмірінің келуін асыға күтемін.

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДЫҚ ГАЗЕТ — ӨЗ АУЫЛЫҢНЫҢ АЙНАСЫ

admin_mugalzhar

НАУРЫЗБЕК — БЕЙБІТ ЗАМАН БАТЫРЫ

admin_mugalzhar

НҰРБОЛАТ — БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.