«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘЙЕЛ – ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫ

«Айым» мейрамханасында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» жобасы аясында «Әйелдер көшбасшылығы: қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі» атты конференция өтті.

Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы негізінде «Jas Aqtobe — 2022» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен конференцияға аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов, Мұғалжар ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері қатысты. Конференцияны аудан әкімінің орынбасары Бекболат Қалдыбайұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Конференцияның басты мақсаты – қазіргі заманның ең өзекті мәселелерін шешудегі әйелдердің саяси көшбасшылығының рөлін анықтау. Отбасы құндылыктарын насихаттау, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу болып табылады.

Әр шаңырақтың ұйытқысы атанған аналардың мерейі қашан да үстем болуы керек. Қазақ әйелінің мәртебесін көтеру тұрғысында диалог алаңында спикерлер сөз алып, көптеген мәселелер ортаға салды. Конференция барысында әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөлі, әйелдердің өзін-өзі танытуын және еліміздің саяси өміріне қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған бастамалары талқыланды.

Сондай-ақ конференцияға арнайы қатысқан спикерлер ел дамуындағы әйелдердің рөлі, іскер әйел атанудың құпиялары, жалпы іскер әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру тақырыптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатысушылармен ой алмасты.
Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Ұқсас ақпараттар

15,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

admin_mugalzhar

2025 жылдың басынан бері 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді

admin_mugalzhar

Қазақстан негізінен Қытай, Ресей және Италия елдеріне тауар экспорттайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.