«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Отбасы банк бастапқы жарнаны 10%-ға түсірді

Отбасы банк «Наурыз» бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны 10%-ға дейін төмендетті, деп хабарлайды, — деп жазды BAQ.KZ сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Біз бастапқы жарнаны 10%-ға дейін төмендетеміз. Көбі «Наурыз» бағдарламасы бойынша пәтерлердің ішкі жөндеу жұмыстары аяқталмағанын, сондықтан бастапқы жарнаның тым жоғары екенін айтады. Өйткені қарыз алушылар кейін жөндеу жұмыстарын жүргізеді, — деді «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова.

Ибрагимова пилоттық жоба басталып кеткенін айтты.

Мәселен, 35 млн теңге тұратын дайын пәтердің бастапқы жарнасы 6 млн теңге емес, 3 млн теңге болады, яғни бастапқы жарна 10% болады. 19 қарашада (еск. — Baspana Market) 35 млн теңге тұратын 3 бөлмелі пәтерлерді орналастырдық. Бұл әрленген пәтерлер. Бұл Астанада іске асырылып жатқан пилоттық жоба. Мұны құрылыс компаниясы ұсынып отыр, — деді банк төрағасы.

Бұған дейін Отбасы банк төрағасы Ләззат Ибрагимова қаржы сұрағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҮЗДІК ТӘЛІМГЕР

admin_mugalzhar

«НҰР-ӘЛЕМ» ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІК

admin_mugalzhar

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.