«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ АТА-АНАЛАРЫ АЛҒЫС АРҚАЛАДЫ

Бүгін аудан әкімдігінде Отбасы күніне орай аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың жас мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарымен кездесуі өтті. «Отбасы – ырыстың ұйытқысы» тақырыбында өткен кездесуде аудан әкімі алдымен жиналғандарды Отбасы күнімен құттықтап, мемлекеттік қызметтің қиындығы мен жауапкершілігін айтып, осы салада еңбек етіп бастаған жас мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына жылы лебізін білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.


Алғыс арқалағандардың қатарында Қайыңды ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Ермек Әділбектің, Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының маманы Жанарыс Жангелдінің, Қандыағаш қаласы әкімі аппаратының маманы Жасур Сұлтановтың, Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының маманы Майгүл Шауменованың, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің маманы Нәдір Нұрдәулеттің, Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімінің маманы Рахымжан Олжабаевтың, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің маманы Рүстем Нұрұлланың, Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының маманы Назерке Тегисованың ата-аналары бар. Балаларының жетістігіне риза болған ата-аналар ыстық ықыластарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
Жиын соңында мемлекеттік қызметтің ардагері Аманкелді Шунимов мемлекеттік қызмет адалдық пен үлкен жауапкершілікті талап ететін мәртебелі мамандық екенін тілге тиек етіп, жас мамандарға аталық батасын берді.

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДЫАҒАШТЫҚТАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

admin_mugalzhar

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

admin_mugalzhar

Марат ҚОЙЛЫБАЕВ, облыстық мәслихаттың депутаты: Жаңа жолдау – жаңа міндеттер

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.