«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Көк байрағым – мақтанышым

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай Ақтөбе қаласындағы, аудан орталықтары мен ауылдардағы LED-экрандар мен баннерлерде еліміздің Мемлекеттік Туының суреттері көрсетілді.

Облыс тұрғындарының айтуынша, бұл бастама өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін арттырып, рухын көтереді. Елді мекендердің орталық көшелерін безендірген Көк байрақтың бейнесі, оған ілесе көрсетілген құттықтау сөздері туған жеріміз үшін мақтаныш сезімін тудырып, бірлік пен татулықты паш еткендей.
Облыс тұрғындары мен қонақтары бұл бастаманы қолдап, Көк Тудың көшелердегі экрандар мен баннерлерде көрсетілуі Тәуелсіздік күні мерекесінің маңызды екенін паш ететінін атап өтті.

Дереккөз: «Ақтөбе газеті»

Ұқсас ақпараттар

«Мұғалжар»: тоқсан жылдық белесте

admin_mugalzhar

Медицина саласына қатысты нормалар Конституцияда ерекше орын алады

admin_mugalzhar

МАЛ БАСЫН КӨБЕЙТУДЕ

admin_mugalzhar