«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚТӨБЕЛІКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНДІ ШЫРҚАДЫ

Тәуелсіздік күніне орай, Ақтөбедегі «Дина» гипермаркетінде ерекше шара өтті.

Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияның камералық хор ұжымының әншілері сауда орталығында Мемлекеттік Гимнді шырқап, ақтөбеліктердің құрметіне бөленді.


Қолдарына Ту ұстап, бір мезетте рухты шығарманы орындаған өнерпаздарды сауда орталығының сатушылары да, азық-түлік сатып алып жүрген тұрғындар да  айырықша қарсы алды.

Жерлестер керемет көріністі қалт жібермей, олармен қосыла әндетті. Кейбірі әсерлі сәтті ұялы телефондарына түсіріп те жатты.


Хор ұжымы сондай-ақ, «Атамекен» әнін де бір мезетте орындап, баршаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

🚀  t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Ұқсас ақпараттар

Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

admin_mugalzhar

Бірлігі жарасқан ел – берекелі болашақтың кепілі

admin_mugalzhar

Ресейде оқып жатқан 200-ден астам студент Ақтөбеге жеткізілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.