«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ұлттық Банк «Аю» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

Аю – күш-қуат пен табандылықтың, табиғатпен үйлесім табудың символы. Қазақстан Ұлттық Банкі «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясының AIÝ коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, — деп жазды turkystan.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Күмістен жасалған 1 000 теңгелік, сондай-ақ мельхиор қоспасынан жасалған 500 және 200 теңгелік AIÝ коллекциялық монеталарын 2024 жылғы 19 желтоқсаннан бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Монеталар «Қазпошта» АҚ арқылы жеткізіледі.

Номиналы 5 000 теңге болатын AIÝ коллекциялық монеталары 2024 жылғы 23 желтоқсаннан бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкеніне kazcoins.nationalbank.kz сатуға шығарылады, монеталарды сатып алушылар өздері алып кетуі керек.

AIÝ (аю) – «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясының жетінші монетасы. Монета дизайнында жануардың табиғи және трафареттік бейнесі сақ стилінде үйлесім тапқан.

Ұқсас ақпараттар

2025 жылдың басынан бері 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді

admin_mugalzhar

ТҰМАУ ДЕРТІ ДЕНДЕП ТҰР

admin_mugalzhar

Ақтөбеде еліміздегі алғашқы өрт сөндіру жеңдерін шығаратын зауыт ашылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.