«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕКІ МАЙДАНГЕРДІҢ ЕСІМІ ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНЕ БЕРІЛДІ

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында аудан орталығы Қандыағаш қаласында екі бірдей майдангердің есімі көшелерге берілді. Олар– Мұғалжар ауданының Құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының арда гері Өтеш Жалмағамбетов пен “Ұлы Отан соғы сының І және ІІ дәрежелі ордендерінің” иегері, аудан журналистикасы ның дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлға Нұрғали Тастанбаев.

Өтеш Жалмағамбетовтің есімі берілген көше «Жаңақоныс» мөлтек ауданында орналасқан. Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімі Дархан Ермағанбетов сөз сөйлеп, ардагердің ерлігіне тоқталды.- Бүгін – ел жадында сақталатын ерекше күн. Өтеш Төлеген ұлының өмір жолына үңілсек, бала кезінен қиындықты еңсеріп, елге адал қызмет еткен тұлғаны көреміз. Оның есімі – ерлік пен еңбектің символы. Мұндай азаматтардың есімі ұрпақ жадын да мәңгі сақталуы тиіс, – деді аудан басшысы. Жиынға майдангердің ұлы На ғашыбай Жалмағамбетов те қаты сып, өз ризашылығын білдірді.- Бұл – біздің әулет үшін тари хи, қуанышты күн. Атамыздың еңбегін елеп, құрмет көрсеткен аудан басшылығына, осы іске атсалысқан барша азаматтар ға алғысымды білдіремін, – деді ол. Сонымен қатар Мұғалжар ауда нының Құрметті азаматы Жол мырза қажы Бекеевте сөз алып, ардагердің ел алдындағы еңбегі не тоқталып, жас ұрпақты осындай тұлғалардың өмірінен үлгі алуға шақырды. Еске сала кетейік, Өтеш Жалмағамбетов – тағдырдың талай сы нынан өткен, ел үшін аянбай еңбек еткен ардагер. Ол тарихтың қасі ретті беттеріне айналған кезең дердің куәсі болды. «Қонжар» ба лалар үйіндегі ауыр жылдар, қан шама баланың тағдырына куә бол ған сәттер оның жүрегінде мәңгілік із қалдырды. Ұлы Отан соғысының отты жылдарын бастан өткеріп, бейбіт өмірде де ел игілігі жолында аянбай еңбек етті. Соғыстан кейінгі жылдары түрлі жауапты қызметтер атқарып, ел дамуына үлес қосты. Отбасында 6 бала тәрбиелеп өсірді. Еңбегі еленіп, «Ұлы Отан соғысы ның ІІ дәрежелі ордені», «Қызыл жұлдыз», «Ерлігі үшін», «Германи яны жеңгені үшін», «Тың игеру» ме дальдары және «Георгий Жуков» орденімен марапатталған.

Тәуелсіздік жылдары да жоғары марапаттарға ие болды. 2015 жылы «Құрмет» орденімен наградталып, 2018 жылы Мұғалжар ауданының «Құрметті азаматы» атанды. Осы «Жаңақоныс» шағын ауда нында тағы бір көшеге есімі берілген майдангердің бірі – Нұрғали Тастанбаев. Майдангер-журна листің құрметіне ұйымдастырылған шараға аудан әкімі, бөлім басшылары, ардагердің ұрпақтары, көзін көрген замандастары мен қала тұрғындары қатысты. Рәсімді аудан әкімі Дархан Ермағанбетов ашып, Нұрғали Тастанбаевтың ел дамуы жолындағы еңбегіне тоқталды. Ол өз сөзінде майдангердің ерлігі мен бейбіт өмірдегі қажырлы қызметі кейінгі ұрпаққа өнеге екенін атап өтті. Нұрғали Серікбайұлы 1920 жылдың 20 мамырында Ырғыз ауданының Ұзынкөл ауылында дүниеге келген. Алғашқы білімін Шалқар интернатында алып, кейін Ақтөбе педагогикалық училищесінде оқуын жалғастырған. Алматы және Мәскеу қалаларын дағы жоғары партия мектептерін тәмамдап, еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. Ұлы Отан соғысына қатысып, аға лейтенант шенімен елге аман есен оралған. Соғыстан кейінгі жылдары Ұзынкөл мектебінде ұстаздық етіп, кейін Қарабұтақ аудандық “Колхоз жолы” газетін де жауапты хатшы, редактор қыз меттерін атқарған. Сонымен қатар аудандық атқару комитетінің төрағасы болып еңбек етіп, бұрынғы Темір, қазіргі Мұғалжар ауданын дағы “Жаршы”, “Социалистік майдан”, “Жұмысшы туы” газеттерін де редактор болған. Партия коми тетінің үгіт-насихат бөлімдерін басқарып, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқан. Саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған Нұрғали Тастанбаев “Ерен еңбегі үшін” медалімен ма рапатталып, “Октябрь туы” га зетінің редакторы қызметінен зей неткерлікке шыққан. Шара барысында ардагердің өмір жолы мен еңбек жолы жай лы естеліктер айтылып, көше атауы жазылған тақтайшаның ашылу рәсімі өтті. Бұл – ел үшін еңбек еткен тұлғаның есімін ұлық тап, кейінгі ұрпақ жадында сақтау жолындағы тағылымды шара болды.

А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Универсиада – 2023: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

admin_mugalzhar

«НҰР-ӘЛЕМ» ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІК

admin_mugalzhar

Биыл өңірде тағы 24 ауыл көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі

admin_mugalzhar