«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ӘКІМДЕР МЕКТЕБІ»: ӘКІМДЕР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

Жақында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың қатысуымен әкімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы ашылды.

Аталмыш іс-шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов, “АМANAT” партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиал директоры Саида Садуақасова, Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Шілманов қатысып, тыңдаушыларға сәттілік тіледі.

Қазіргі уақытта облысымыздағы 135 ауыл және 7 қала әкімінің 131-і «AMANAT» партиясының мүшесі. Сіздер бұл жоба арқылы кәсіби деңгейлеріңізді көтеріп, экономикалық басқарушылық қабілеттеріңізді арттыра түсесіздер. Осылайша аймақтың әлеуетін тиімді пайдалана отырып, озық тә жірибелер енгізуге жол ашылады, – деді Ербол Данағұлов.

Бағдарлама практикалық жаттығулар, интерактивті пікірталастар, тренингтер, экономика, мемлекеттік басқару, құқықтану салалары бойынша сарапшылармен кездесу және оффлайн, онлайн форматта 240 академиялық сағат оқытуды қамтиды. Бұдан өзге, жұмыс барысында практикалық кейстер және оларды тиімді шешу жолдары қаралатын болады. Айта кету керек, әкімдердің кәсіби біліктілігін арттыру 17 модуль арқылы жүргізіледі. Оқытудың қорытындысына сәйкес әкімдер өңірлерді экономикалық дамытуға қатысты жобаларын қорғайды.

Мұғалжар ауданынан алғашқы легте 13 қала және ауылдық округ әкімдері біліктілігін арттыруға оқуға жолданды. Жоба аясында әкімдер жергілікті бюджетті тиімді басқару, мемлекеттік сатып алулар мен салық салу, экология және қоршаған ортаны қорғау, ауыл кәсіпкерлігін дамыту, мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялармен жасанды интеллект құралдарын қолдану сияқты негізгі бағыттар бойынша білімдерін жетілдіреді.

Бастама ауыл әкімдерін кәсіби басқарушыларға айналдыруға бағытталған. Соның нәтижесінде ауылдық округтеріміздің экономикалық дамуының 3-5 жылдық бағдарламаларын жасауды қолға аламыз, ауыл тұрғындарының табысын арттыру мен салықтық базаны кеңейту бойынша да шешімдер ұсынылады. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік және жақсы бастама деп ойлаймын. Бұл мектепте біз 240 сағат оқитын боламыз. Оның120 сағаты онлайн, 120 сағаты офлайн түрде өтпек, яғни оқу 13 мамырға дейін жалғасатын болады, — дейді Ащысай ауылдық округінің әкімі Баймұрат Оразов.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАР: АУЫЛҒА ГАЗ ТАРТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ЖАҢА ЖЫЛ: ЖАҢАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕРІС

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.