«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандықтар 8 наурызда қосымша демалыс күнін алады

Ережеге сәйкес демалыс күні дүйсенбіге, яғни 10 наурызға ауыстырылады. Биыл Халықаралық әйелдер күні сенбіге сәйкес келіп тұр, демек қазақстандықтар қосымша демалыс күн алады. Ережеге сәйкес демалыс күні дүйсенбіге, яғни 10 наурызға ауыстырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

2025 жылы наурызда қазақстандықтар екі мемлекеттік мерекені атап өтеді:

• 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
• 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы.

Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) сенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күні 10 наурыз, яғни дүйсенбіге ауыстырылады.

Бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін:
8, 9 және 10 наурыз – демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін:
8 және 9 наурыз – демалыс, ал 10 наурыз – жұмыс күні.

Наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

• Бес күндік жұмыс аптасындағылар – 14 күн демалады.
• Алты күндік жұмыс аптасындағылар – 10 күн демалады.

Ұқсас ақпараттар

Тәртіп – жалпыға ортақ құндылыққа, ал заңға бағыну – әркімнің өмір салтына айналуға тиіс

admin_mugalzhar

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

admin_mugalzhar

ҰЛТТЫҚ-СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.