«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті жұмыс уақыты режимінің сақталуын қарайды

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, оның ішінде оларды үстеме жұмысқа заңсыз тартудан қорғау болып табылады.
Шұғыл, алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік қызметшілер еңбек заңнамасына сәйкес үстеме жұмысқа тартылуы мүмкін. Үстеме жұмыс туралы олар келесіні білуі қажет:
1) төтенше жағдайлар және шұғыл көмек көрсету жағдайларын қоспағанда мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тарту үшін олардың жазбаша келісімі болуы тиіс;
2) жүкті әйелдер және мүгедектер үстеме жұмысқа жіберілмейді;
3) үстеме уақыттағы жұмыстар әрбір қызметші үшін тәулік ішінде екі
сағаттан, айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс;
4) келісім бойынша қосымша жұмыс уақытында жұмыс істегені үшін
демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе қызметшінің тәуліктік (сағаттық) мөлшерлемесін негізге ала отырып, кемінде бір жарым мөлшердегі төлеммен өтеледі.
Департамент мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторингті тұрақты түрде жүргізеді.
Жалпы, 40 мемлекеттік органда мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде мемлекеттік қызметшілерді тиісті акт шығармай үстеме жұмысқа тартудың 184 фактісі анықталып, Департаментпен ден қою шараларын қабылдау үшін 31 акті жолданылды. Ден қою шараларын қабылдау нәтижесінде 184 мемлекеттік қызметшіге демалыс сағаттарын беру арқылы бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, жұмыс уақытының нормасын заңсыз асыру бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 89-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өту қажет.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ж.Жаманкулов.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ 20 286 084 АДАМҒА ЖЕТТІ

admin_mugalzhar

1 мамырдан бастап Астана әуежайы түнде жұмыс істемейді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.