«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ұлттық құрылтай – ел бірлігінің жарқын көрінісі

Ұлттық құрылтай – халқымыздың мүддесін қорғайтын, елдің тұтастығын нығайтатын аса маңызды алаң. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тату елде тұрақтылық пен тыныштық болады» деген сөзі әр азаматқа ой салады. Бірлік пен тұрақтылық – әрбір қазақстандықтың басты құндылығы болуы тиіс. Құрылтай арқылы елдік мәселелерді ашық талқылау – қоғамның сенімін арттырады.
Бурабайда өткен жиында айтылған ойлар мен бастамалар – бір күндік шара емес, ел ертеңінің мүддесіне қызмет ететін ортақ іске айналуға тиіс. Сондықтан Ұлттық құрылтай жұмысындағы ашықтық, өзара түсіністік пен жауапкершілік – баршамыздың ортақ мұратымыз.
Гүлманат Тулеумухамбетова, Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдіскері.

Ұқсас ақпараттар

ТЕГІН ОҚУ — ЖАҢА МҮМКІНДІККЕ ЖОЛ АШАДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстан мен Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізу мәселесін келісті

admin_mugalzhar

«Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

admin_mugalzhar