«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«КӨКПАР» ӨТТІ АУЫЛДА

«Ат-ердің қанаты» демекші, көкпар десе қаны қозбайтын қазақ жоқ. Осының бір дәлелі, мерекеге орай Ащысай ауылдық округі әкімдігінің қолдауымен және ащысайлық белсенді азаматтардың ұйымдастыруымен ұлттық спортты ұлықтау мақсатында «Көкпар» ойыны өткізілді.
Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін ойынды тамашалау үшін шаршы алаңға жиналып, көкпар алдымен қатысушылардың ауыл үлкендерінің батасын алуымен бастау алды.
Ойын нәтижесінде «Жастар» командасы жеңіске жетті. Жеңімпаздарға бір жандық және 30 мың теңге қаржылай сыйлық берілді. Ал екінші орынды «Наурыз» командасы қанжығасына байласа, «Рамазан» командасы үштікті қорытындылаған.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны

admin_mugalzhar

ӘКЕМ САЛҒАН ЖОЛ – ҰРПАҒЫНА ҮЛГІ

admin_mugalzhar

Құрал БАЙСҰЛТАНОВ: ЖУРНАЛИСТИКА — ӨМІРІМДЕ ӨЗ ҚОЛТАҢБАСЫН ҚАЛДЫРДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.