«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Гүлсезім БЕКДАН, құрақ құраған балапан: ӨСКЕНДЕ ҚҰРАҚ ҚҰРАЙМЫН

Қазақ халқының ертеден келе жатқан қолөнерінің бірі — құрақ құрау. Асыл әжем Амангүл Қарашбаева ертеде құрақ құрау тәсілі маталардың қалдығын кәдеге жаратудан пайда болған дейді. Оның айтуынша, қолынан іс келетін шебер әйелдер көрпеден бастап, кеудешеге дейінгі бұйымдарды құрақпен безендірген. Менің әжем үнемі үйде құрақ құрып, көрпе тігеді. Ал мен болсам, қасында отырып, инесін сабақтап беремін, көрпе көктегенде шетін ұстап отырамын. Әжем алдымен құрақ құрау үшін қажетті маталарды таңдап алып, оларды түрі мен түсіне қарап сұрыптап, түрлі қиынды жасайды. Содан соң түрлі-түсті маталарды қиыстырып тігеді. Құрақ көрпе түріне қарай сегіз құрақ, ши құрақ, толқын құрақ болып бірнеше түрге бөлінеді. Әжем құрақ өнерімен айналысудың пайдасы көп екенін айтады. Ол адамды шыдамдылыққа, үнемділікке, төзімділік пен сабырға, тазалық пен әсемдікке баулып, жан дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді.
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Аргентина 36 жылдан соң футболдан әлем чемпионатында жеңіске жетті

admin_mugalzhar

Қатты жаңбыр және аптап ыстық – алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

admin_mugalzhar

Қазақстанда мемлекеттік сатып алуды бақылаудың жаңа элементтері енгізілуде

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.