«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЗБІРШІЛІКТЕН АЖЫРАМАҒАН АЩЫСАЙЛЫҚТАР

Ұлыстың Ұлы күні Ащысай ауылдық округінде де кең көлемде өтті. Ауылдың Өтеген Қалыбаев көшесінде орын алған «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мәдени-көпшілік шарасы көптің көңілінен шықты.
Ауыл тұрғындары мен қонақтар үшін ақшаңқай киіз үй тігіліп, ұлттық тағам түрлерінен дәм ұсынылды. Сахналық аймақ мерекеге сай безендіріліп, әуелеген әдемі әуендер келген көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мереке барысында қауышқан ауылдастар бір-бірімен құшақтаса көрісіп, аман-саулық сұрасып жатты.
Ауыл өнерпаздары көше бойын жайната түсіп, «Наурыз думан», «Қара жорға» әндерімен мереке көркін келтірді.
Әдемі әуендермен өрнектелген қойылымдар, ән-билер ащысайлықтардың көңілінен шықты.
Мерекеге келген ауылдың ақсақалдары тілектерін арнап, ақ батасын берсе, көпшілік ұлттық мәзірге сай дайындалған дастарқаннан ауыз тиіп, қуырдақ пен наурыз көже асылып, жиналған қауымға дәм үлестірілді.
Ұлттық спорт түрлері мен ойындар да қызу өтті. Атап айтар болсақ, әйелдер қауымы арасында ұршық иіруден, бес тас ойнаудан сайыстар өткізілсе, ер азаматтар құнан жарыс, ат жарыс, ләңгі ілу, бұқа тартыс, гір көтеру жарыстарынан бақтарын сынады.
Аталған шараға «Ислам», «Даража» және «Қабдол» шаруа қожалықтары демеушілік еткен.

Ұқсас ақпараттар

МӘМС: БАЛАЛАР МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА

admin_mugalzhar

АНАМ РОЗА СҮЙІНШАЛИНА АУДАН ЖУРНАЛИСТИКАСЫНА ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСТЫ

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

admin_mugalzhar