«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШ ӨҢІРЛІК КӨЛІК ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 3 сәуірдегі №38/6 бұйрығы негізінде Қандыағаш өңірлік көлік прокуроры лауазымына Айбек Ибадуллаұлы Сағындықов тағайындалды.

Аудан активімен жаңадан тағайындалған прокурорды аудан әкімі Дархан Ермағанбетов таныстырды.

Айбек Ибадуллаұлы Сағындықов Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласында 1986 жылы дүниеге келген. 2003-2008 жылдар аралығында Батыс-Қазақстан гуманитарлық заң колледжін және Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
2009-2010 жылдарда ҚР Қарулы күштер қатарында борышын өтеген.

Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2011 жылы Қандыағаш көлік аймағы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Аймақтық көліктік басқармасының бас маманы лауазымынан бастаған. Одан әрі, 2012 жылдан бастап Қандыағаш көлік прокурорының көмекшісі, аға прокуроры, Бас көлік прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Павлодар көлік прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылдың мамыр айынан бастап осы күнге дейін Қандыағаш өңірлік көлік прокурорының орынбасары лауазымында қызмет етті. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 13 жылдан, құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі 14 жылдан астам уақытты құрайды, сыныптық шені – кіші әділет кеңесшісі.

Ұқсас ақпараттар

Электрондық цифрлық қолтаңбаның жаңа форматы: қазақстандықтар ол туралы не білуі керек

admin_mugalzhar

Pfizer Омикрон штамына қарсы 100 млн вакцина өндірмек

admin_mugalzhar

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.