«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІДЕ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ембі қаласының әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенамановтың төрағалығымен Мұғалжар ауданының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті.

Отырысқа облыстық мәслихат депутаты Наурызбек Сарбасов, қалалық, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары және комиссия мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде 2024 жылдың қорытындысы және 2025 жылдың І тоқсанында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің және Қандыағаш стансасындағы желілік полиция бөлімінің қабылдаған шаралары туралы есептері тыңдалды.

Көшедегі қылмысқа қарсы күрес, қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік және болдырмау бойынша шаралар қабылдау туралы және көшелермен, аулаларда, кондоминиум объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атқарылған жұмыстар туралы Ембі қаласының әкімі Райымбек Мусағали баяндады.

Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Мұғалжар, Құмжарған ауылдық округі әкімдіктерінің қабылданып жатқан шаралары туралы округ әкімдері тоқталып өтті.

Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов күн тәртібінде көтерілген мәселелерге байланысты комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

ДЕНСАУЛЫҚ: АУДАНҒА ВИЦЕ-МИНИСТР КЕЛДІ

admin_mugalzhar

Қазақстан Президенті мен Иордания Королі кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

admin_mugalzhar

Астанада «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» жаһандық акциясын қолдау мақсатында қаланың бірқатар нысандарына қызғылт-сары түсті жарық жағылды

admin_mugalzhar