«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Босанған аналар қанша жәрдемақы алады?

Жыл басынан бері елімізде бала тууына және бала күтіміне байланысты төленген жәрдемақының жалпы соммасы 221 млрд теңгеден асқан. Мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік сақтандыру қорынан босанғанға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты төлемдер 246,73 мың адамға тиген, деп хабарлайды Egemen.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Тек бала туғанда берілетін жәрдемақы туралы айтар болсақ, биыл 86,5 мың адамға республикалық бюджеттен барлығы 15,6 млрд теңге қаралған. Өткен наурыз айында 4,5 млрд теңгені 24,6 мың адам алған. Ал 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақымен 123 мың адам қамтылса, наурызда 123 мың адамға 3,6 млрд теңге төленген.

Естеріңізге салайық, жәрдемақыға бала туған, асырап алған, қамқорлыққа алған балалары бар ел азаматтары, қандастар, сондай-ақ елімізде тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.

Бала тууына және күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты белгіленеді. 2025 жылдың басынан мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген.

Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:

– бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 149 416 теңге;

– төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 247 716 теңге.

Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:

– бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;

– екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;

– үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;

– төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.

Ұқсас ақпараттар

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн суытады

admin_mugalzhar

15 қараша – төл теңгеміздің күні

admin_mugalzhar

ТУҒАН ЖЕРІМ — ӨЗ МЕКЕНІМ, ӨЗ ӨЛКЕМ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.