«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2025 жылы Ақтөбе облысында 23 медициналық нысан пайдалануға беріледі

Оның 15-і – су жаңа ғимарат. Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар мен биылға жоспарланған жұмыстар жайы талқыланған аппарат мәжілісінде белгілі болды, — деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Жиында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев баяндама жасады. Оның сөзінше, өңірде басқармаға қарасты мемлекеттік 38 емдеу мекемесі бар. 2025 жылы Ақтөбе облысында медициналық сақтандырылған азаматтар саны –761 мыңнан асады.

Басқарма басшысы кадр тапшылығы мәселесіне де тоқталды. Биыл дәрігерлерге 166 бос орын бар. Оның ішінде қалалық жерде – 110, ауылдық жерде – 56. Былтыр ауылға қызмет етуге жіберілген 15 маманға 3 млн.тг. көлемінде және 25 маманға 8,5 млн.тг. көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл бағытта жұмыстар биыл да жылы да жалғасады.

Облыстың бас дәрігері былтырғы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, биылғы жоспарлармен бөлісті. 2025 жылға жоспарлар: жалпы – 23 нысан пайдалануға беріледі. Оның 15-і жаңадан салынбақ.  Сонымен қатар 8 нысан бойынша күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Дәрі-дәрмек мәселесі бойынша биылға жергілікті бюджеттен 549 млн. теңге бөлінсе, республикалық бюджеттен – 9,2 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Медициналық ұйымдарды жарықтандыру жыл соңына дейін 94.3% жеткізіледі деген жоспар бар.

Баяндамашыны тыңдаған облыс әкімі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында іске асырылып жатқан жобалардың құрылысы мерзімінде әрі сапалы тапсырылуын бақылау қажет екенін атап өтті. Өңір тұрғындарының медициналық көмек және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қолжетімділігін қатаң бақылаудан шығармауды, сондай-ақ, Ақтөбе қаласында орналасқан күрделі жөндеуге келмейтін және ауыстыруға жататын медициналық нысандар бойынша шешімдер қабылдауды тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

32-дүниежүзілік қысқы Универсиада – 2025 салтанатты ашылуы өтті

admin_mugalzhar

ЖАЗУ — МЕНІҢ СҮЙІКТІ ІСІМ

admin_mugalzhar

ӨНЕРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР ЖАРАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.