«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қоғамда өзара тілеулестік болу керек

Эльвира ХАБИБУЛЛИНА,
«Шатлық» облыстық татар және башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы мерейтой тұсында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы — еліміздегі этносаралық келісім мен мәдени әртүрлілікті нығайту үшін маңызды қадам. Мұнда әуелі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея мүшелерін 30 жылдық мерейтоймен құттықтап, біраз адамға мемлекеттік наградалар тапсырды.
Ел Президенті сөйлеген сөзінде: «Кез келген ауқымды дағдарыстан кейін зор мүмкіндіктерге жол ашылады. Сол мүмкіндіктерді дер кезінде әрі дұрыс пайдалану қажет. Өз күшімізге ғана арқа сүйеп, барлық ресурсты ортақ мақсатқа жұмылдыруымыз керек. Бос сөзге ұрынып, байбаламға салынбай, жасампаз болғанымыз абзал. Әр азаматтың бойында жауапкершілік сезімі өте жоғары болуға тиіс. Қоғамда өзара тілеулестік болуы керек. Әр істе темірдей тәртіп болуы қажет. Сонда еліміз де орасан зор табысқа жетеді», — деді.
Бұл барлығымыз үшін маңызды хабарлама болды деп есептеймін. Біз тек қазіргі қиындықтарды еңсеруге ғана емес, оларды болашақ жетістіктерге жету үшін серпін беретін мүмкіндік ретінде пайдалануымыз керек. Сондай-ақ қоғамның әр мүшесі бір-біріне туысындай жаны ашып тұрғаны абзал. Ал күштерді біріктіру мен ресурстарды жұмылдыру дағдарыстан жаңа күштер мен идеялармен шығуға көмектесетіні анық.
Осы ретте «Шатлық» бірлестігі де татарлар мен башқұрттардың мәдениетін, тілі мен дәстүрін насихаттап, еліміздегі татулық пен бірлікті сақтауға өз үлесін қосып келеді. Өз мәдениетімізді, тіліміз бен дәстүрлерімізді насихаттаймыз.
Сессия барысында этномәдени бірлестіктердің рөлін арттыруға қатысты ұсыныстар мен пікірлер де айтылды. Біз алдағы уақытта да Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамаларын жүзеге асыруға белсенді қатысуға дайынбыз.

Ұқсас ақпараттар

ГҮЛАЙЫМ МЕН АДЕЛЬ — ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

admin_mugalzhar

ҚҰРТ АУРУЫН 25 АДАМ ЖҰҚТЫРҒАН

admin_mugalzhar

Елімізде балаларға арналған SIM карта енгізілмек

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.