«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Таза Қазақстан: Ақтөбеде жастар тарихи ескерткіштерге қамқорлық көрсетті

Бүгін, Ақтөбе қаласының 312-атқыштар дивизиясы мен 101-атқыштар бригадасына арналған «Зеңбірек» ескерткіш-обелискісінің жанында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында іс-шара өтті.

Іс-шара аясында ескерткіш маңын абаттандыру және оған іргелес аумақты тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Қатысушылар ескерткіш айналасын қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, аумақты тәртіпке келтірді.

Аталмыш шара облыстың барлық аудандарында да өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – тарихи жадымызды сақтау, тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың батырлардың қаһармандық өткеніне деген құрмет сезімін және мәдени-тарихи мұраны сақтауға деген жауапкершілігін қалыптастыру.

Акцияға жастар және еріктілер ұйымдарының мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

«Бүгінгі сенбілік – бұл жай ғана тазалық шарасы емес, бұл – біздің бірлігіміздің және ортақ жауапкершілігіміздің көрінісі. Қоршаған ортаны таза ұстау – әрбіріміздің азаматтық парызымыз. Табиғат – бұл біздің мұрамыз. Оны аялау мен қорғау – болашақ ұрпаққа деген қамқорлығымыз», – деді волонтер Абыл Кенжебек.

Іс-шараға қатысушы Жансейіт Қуандықов та өз пікірін білдірді:

«Абаттандыру жұмыстары – адамдарды біріктіретін, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыратын игі дәстүр. Бұл күн – жай ғана қоқыс жинау емес, бұл – еңбек арқылы тәрбиелеу, өскелең ұрпаққа үлгі көрсету күні. Бәріміздің бірігіп атқарған еңбегіміз – қаламыздың көркейіп, көгалданып, жайқалып тұруына септігін тигізеді. Осындай іс-шаралар арқылы біз тек тазалықты ғана емес, қоғамдағы бірлік пен ұйымшылдықты да дәріптейміз», – деді ол.

Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың патриоттық рухын және азаматтық жауапкершілігін тәрбиелеудің маңызды бөлігі болып табылады және қоғамды ортақ құндылықтар – тарихи жады, бейбітшілік пен қоршаған ортаны таза ұстауға біріктіруге ықпал етеді.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

admin_mugalzhar

АУЫЛ АМАНАТЫ»: КӘСІП ЖАСАУҒА – МҮМКІНДІК

admin_mugalzhar

Енді Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы теміржол билеттерін алуға болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.