«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Ақтөбе қаласында облыстық білім беру ұйымдары жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында «Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңі өтті.

Аталған сайысқа облысқа қарасты аудандардан 11 команда қатысты. Облыстық кезеңде Мұғалжар ауданының намысын Қандыағаш қалалық 3 мектеп-гимназиясының, Қандыағаш қалалық 5 жалпы білім беретін орта мектебінің және Мұғалжар жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларынан жинақталған команда қорғады.

6 турдан тұрған сайыстың қорытындысы бойынша командалық есепте Мұғалжар ауданының командасы жүлделі ІІ орынды иеленді. Жеңімпаз бен жүлдегер атанған командалар Дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

Адам құқығы жаңа Конституция жобасының өзегіне айналды – сарапшы

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады?

admin_mugalzhar

2024 жылы Ақтөбе әуежайы 985 мың жолаушыға қызмет көрсетті

admin_mugalzhar