«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында 641 түлек «Алтын белгіге» үміткер

Биыл Ақтөбе облысында 185 819 оқушы оқу жылын аяқтайды. Оның ішінде 10 481 оқушы — 11-ші сынып түлектері.

🗯️Білім басқармасының мәліметінше, осы жылы 9-шы сыныптан 1564 оқушы және 11-ші сыныптан 679 түлек үздік аттестатқа, 641 оқушы «Алтын белгіге» үміткер.
Оқу жылы ресми түрде 23 мамырда аяқталады, сол кезде мектептерде «Білім – Отаныма!» атты сынып сағаты өтеді.

9 және 11 сынып түлектері үшін де 23 мамырда оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты шара өтеді.

Білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева:
«Оқу жылының аяқталуына байланысты білім беру ұйымдарында қаражат жинауға, аниматорларды, агенттіктер мен жеке студияларды жалдауға, сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелердің түлектері мен 4-ші сынып оқушылары үшін мерекелік шаралар өткізуге тыйым салынады. Аталмыш заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, заң аясында қатаң шаралар қолданылатын болады», — деп еске салды.
@emergovkz / t.me / insta / fb / tiktok

Ұқсас ақпараттар

АЭС қолдаушылардың қатары тұрақты өсуде – үш сауалнаманың нәтижесі

admin_mugalzhar

Ақтөбеде вакцинаны қоғамдық орындарда да салдыруға болады

admin_mugalzhar

Тазы мен төбет күні: Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.