«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанның энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесі 6%-дан асты

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) өндірілетін электр энергиясының үлесі 6%-дан асып, 6,43%-ды құрады.

Бұл — 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе жоғары. Ол кезде ЖЭК үлесі небәрі 3% болған. Бұл өсім «жасыл» экономиканы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі жүзеге асырылып жатқанын айқын көрсетеді.

Соңғы бес жылда елде тұрақты оң үрдіс байқалып келеді:

— 2021 жылы – 3,69%,
— 2022 жылы – 4,53%,
— 2023 жылы – 5,92%,
— 2024 жылы – 6,43%.

«Жасыл» электр энергиясын өндіру көлемінің артуы жаңартылатын энергия көздері секторындағы инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған дәйекті мемлекеттік саясаттың нәтижесі болып отыр. Озық халықаралық тәжірибелер енгізіліп, жүйелі қолдау шаралары жүзеге асырылуда, ал нысандардың құрылысы мен пайдалануға берілуі инвесторлардың қаражаты есебінен іске асуда.

Бүгінде республика аумағында жалпы қуаты 3 ГВт-тан асатын 154 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Атап айтқанда:

— 63 жел электр станциясы (1 570,05 МВт),
— 46 күн электр станциясы (1 222,61 МВт),
— 42 су электр станциясы (287,685 МВт),
— 3 биогаз станциясы (1,77 МВт).

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту — еліміздің тұрақты энергиямен қамтамасыз ету және климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Ұқсас ақпараттар

Шілдеден бастап интернет тарифтері қымбаттайды

admin_mugalzhar

29 СТУДЕНТТІҢ ОҚУ АҚЫСЫ ТӨЛЕНДІ

admin_mugalzhar

Ералы Тоғжанов: Ақтөбе облысының экологиялық проблемаларын шешу – басты назарда

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.