«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІДЕ ТЕПЛОВОЗ ЖӨНДЕУ ДЕПОСЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ЖАҢА ТЕПЛОВОЗ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Ембі қаласының 120 жылдық тарихы бар тепловоз жөндеу депосы жаңартылып, «Олжа» акционерлік қоғамының Ембі бөлімшесіндегі сервис орталығы болып қайта ашылды.

Салтанатты іс-шарада «Олжа» акционерлік қоғамы «CRRC Ziyang Company LTD» компаниясымен бірлесе отырып заманауи үлгідегі «SKD 9C-KZ-001» тепловозы таныстырылды.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов, кәсіпорын қызметкерлері және Ембі қаласының тұрғындары қатысты.

Тарихқа көз салсақ, Ембі тепловоз жөндеу депосы осыдан 75 жыл бұрын алғашқы ТЭ-1 тепловозын сынақтан өткізген болатын.
Ембі тепловоз жөндеу депосына жаңа тепловоздың келуі жүк айналымын жүйелі жүргізуде септігі зор болары анық.

Ауыспалы тарту күшімен басқарылатын айнымалы-тұрақты токтың электр берілісі бар екі секциялы заманауи үлгідегі «SKD 9C-KZ-001» магистралдық жүк тепловозы теміржол инфрақұрылымын пайдалану тиімділігін арттырып, жүктерді жеткізу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін болады.

Ұқсас ақпараттар

Әскери қызметшілерге конституциялық реформа таныстырылды

admin_mugalzhar

Ақтөбелік оқушылар 4 мың асықтан киіз үй құрастырды

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗДЕСУІ КӨБЕЛЕЙ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

admin_mugalzhar