«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ: САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛУЫ ТИІС

Жазғы демалыс уақыты келісімен лагерь маусымының басталатыны сөзсіз. Ауданның санитариялық мамандары жаз мезгілінде балалардың сауықтыру демалысын ұйымдастыру кезінде әртүрлі инфекциялық аурулардан сақ болуға шақырды.

Биылғы жылы ауданда тек қана мектеп жанындағы лагерьлер ұйымдастыру жоспарланған. Маусым айының 2-сі мен 5-і аралығында аудан бойынша 28 мектепте екі ауысымнан күндізгі лагерь ұйымдастырылады. Аталған лагерьлерге мектеп оқушыларын түгелдей тарту жоспарлануда.

Балалар күндіз болатын жазғы сауықтыру лагері — жазғы каникул кезінде балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру, демалу және каникул уақытын ұтымды пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасау, салауатты өмір салтының жалпы мәдениеті мен дағдыларын қалыптастыру, балалардың денсаулығын, шығармашылық еңбегін нығайту, олардың қабілеттерін іске асыру үшін барынша жағдайлар жасау мақсатында ұйымдастырылады. Балаларды сауықтыру ұйымдарында әртүрлі инфекциялық аурулардың алдыналу, ол сапалы және уақытылы профилактикалық шараларды ұйымдастыру мен жүргізуге байланысты. Аталған демалыс кезінде санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар орындалуы қажет. Олар дың қолайлы ортада тамақтануы мен өмір сүру тәртібін сақтауды қамтамасыз ету де маңызды, — деді аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Радина Иржан.

Сондай-ақ ол ұйымдарда профилактикалық шараларды сақтамау, әртүрлі аурулардың әкелінуіне және балалар мен қызметкерлер арасында таралуына мүмкіндік тудыратынын, осыған орай, жазғы сауықтыру маусымы кезінде балаларды сауықтыру ұйымдарында әртүрлі инфекциялық аурулардың, тағамнан уланудың және жедел ішек аурулардың алдын алу шараларын қатаң сақтау өте маңызды екенін ескертті.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар бұдан былай әскерге SMS арқылы шақырылады

admin_mugalzhar

Зейнетақы жинағын пайдаланғысы келетіндерге жағымды жаңалық

admin_mugalzhar

Қазақ тілінде түсірілген мультфильмдер көп болуы қажет – Тоқаев

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.