«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАЙЛЫ МЕКТЕП КҮЗДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Қандыағаш қаласының «Финский» мөлтек ауданында бой көтеріп жатқан жайлы мектеп осы жылдың күз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 600 орындық нысанның құрылыс жұмыстарына «СамұрықҚазына» ұлттық әлауқаты қоры 862 млн теңгеден астам қаржы бөлген. Құрылыс жұмыстарын «ANTARIUM GROUP» ЖШС-і жүргізуде.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол бүгінде Қандыағаш қаласындағы мектептерде, әсіресе №2, 3, 4 орта мектептерде оқып жатқан оқушылар саны үстемеден тым көп екенін жеткізді. Атап айтатын болсақ, қазіргі уақытта осы аталған мектептерде 1 708 бала артық отыр екен.

-Жайлы мектеп пайдалануға берілгеннен кейін «Финский» мөлтек ауданында тұратын оқушылар мен мұғалімдерді осы мектепке ауыстыруды және Қандыағаш қалалық №7 ЖББОМ-і деп атауды жоспарлап отырмыз. Бүгінде сол аумақта тұратын ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұл мектепте 600 бала бір ауысыммен оқиды. Ал түстен кейін оқушылар қосымша сабақтар мен үйірмелерге тартылатын болады. Оқушыларға шамамен 60-қа жуық мұғалім сабақ беретін болады. Жайлы мектеп жобасы қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған. Жобаны іске асырудың мақсаты – элиталық оқу орындарын құру емес, білім беру сапасының жоғары стандарттарын жаппай енгізу. Бұл әрбір балаға толыққанды дамуға және өз әлеуетін ашуға тең мүмкіндік беруге жол ашады, — деді Бахраман Қуанышұлы.

Оныңсөзіншебұлмектептіңөзге мектептерден артықшылығы көп. Мәселен, бірнеше спортзалдар, бастауыш пен жоғарғы сынып оқушыларына арналған бөлек блоктар, балаларға арнайы салынған дәретханалар, эко-жүйе бойынша салынған кабинеттер болады. Мектептер заманауи интерьер бойынша жобаланып, безендіруталғамғасайжүреді. Сонымен қатар бастауыш, орта және жоғары сыныптарға арналған бөлек блоктар қарастырылған. Әр блоктың өз асханасы мен спортзалы, актзалы болады. Мектеп физика, химия, биология және робототехника пәндері бойынша заманауи кабинеттермен жабдықталады. Кабинеттерге touch-экрандар орнатылып, мектептің кез келген жерінен жылдамдығы жоғары интернетке қосылу мүмкіндігі беріледі.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Елімізде балаларға арналған SIM карта енгізілмек

admin_mugalzhar

Құрал БАЙСҰЛТАНОВ: ЖУРНАЛИСТИКА — ӨМІРІМДЕ ӨЗ ҚОЛТАҢБАСЫН ҚАЛДЫРДЫ

admin_mugalzhar

«Ұлттық қор – балаларға»: 118-120 доллор көлемінде беріледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.