«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨТЕРМЕ ЖӘРДЕМАҚЫҒА 7 864,0 МЫҢ ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН

Бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы биыл да жалғасын табуда. Бұл туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мамандары айтты.

Аталған бағдарлама аясында 2025 жылы қаржылық жоспарға сәйкес тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несиеге республикалық бюджеттен 23 592,0 мың теңге бөлінген. Ал көтерме жәрдемақы алуға 2025 жылға жергілікті бюджеттен көлемі 7 864,0 мың теңге бөлініп, 16 маманға өтініштері негізінде аударылған. Көтерме жәрдемақы алған мамандардың 13-і білім, 2-еуі денсаулық, 1-еуі мемлекеттік қызмет салаларына жұмысқа орналасқан.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауылдық елді мекендерге баруға ниет білдірген жас мамандар көтерме жәрдемақы алып қана қоймай, тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие қол жеткізеді. Оның мерзімі 15 жылды құрайды. Үй сатып алуға берілетін бюджеттік кредиттің пайыздық өсімі 1 пайызды құрайды. Аталған бағдарлама басталғалы аудан бойынша 128 маман бюджеттік несие алып, тұрғын үймен қамтылды. Ал көтерме жәрдемақыға 470 маман ие болды, — деді бөлім басшысы Ғайният Асқаров.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда орташа жалақы 4%-ға қысқарды

admin_mugalzhar

Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы құмар ойындар

admin_mugalzhar

ЖАРКЕМЕР АУЫЛЫН ГАЗДАНДЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.