ӨТКЕН ЖЫЛЫ АУДАН БЮДЖЕТІНЕ 14 790,8 МЛН ТЕҢГЕ КІРІС ТҮСІП, ЖОСПАР 103,4% ОРЫНДАЛҒАН. БҰЛ ТУРАЛЫ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ АЙНАГҮЛ ҚОСТАЙБЕКОВА ЖУЫРДА ӨТКЕН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯСЫНДА АЙТТЫ. ЕНДЕШЕ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТ КОДЕКСІНЕ СӘЙКЕС АТҚАРЫЛАТЫН АУДАН БЮДЖЕТІ ЖӨНІНДЕ ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ОҚЫРМАНДАР НАЗАРЫНА ҰСЫНҒАНДЫ ЖӨН КӨРДІК.
БЮДЖЕТ ЖОСПАРЫ 103,4 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАҒАН
Қаржы бөлімінің басшысы Айнагүл Қостайбекованың айтуынша, ауданның 2024 жылға бекітілген бюджет кірістері 12 802,3 млн теңгені құраған. Ал енгізілген толықтырулар мен өзгерістер есебімен нақтыланған жоспар 14 282,4 млн теңге болған. Оның ішінде аудан бюджетіне түскен кіріс көзінің салықтық түсімдері бойынша жоспарланған 14 007,4 млн теңге 14 487,0 млн теңгеге орындалып, 103,4 пайыз құрады. Яғни, 479,6 млн теңге жоспардан артық түскен. Ал салықтық емес түсімдер бойынша 225,3 млн теңгенің орнына 235,9 млн теңге түсіп, 10,6 млн теңгеге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспарланған 49,9 млн теңгенің орнына 67,8 млн теңге түсіп, жоспар 17,9 млн мың теңгеге артығымен орындалған.
—2025 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджетінің шығыс көлемі 95,5 пайызға орындалып, жоспарланған 22 305,7 млн теңгенің 21 306,1 млн теңгесі игерілді. Оның ішінде трансфертер есебінен Ұлттық қордан 783,8 млн теңге немесе 100%, республикалық — 54,7 млн теңге немесе 100%, облыстық бюджеттен – 4316,2 млн теңге немесе 83,2%, аудан бюджеті — 15 835,2 млн теңге немесе 90,3%, бюджет несиелері бойынша 316,2 2 млн тенге немесе 100% орындалды. Трансферттер есебінен 6 686,8 млн теңге бөлінді. Республикалық бюджеттен несие ретінде «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік кредиттері» бюджеттік несие 24,8 млн теңге бөлініп, игерілді,100 % орындалды. Облыстық бюджетке қайтарылатын бюджеттік алым жоспары 7618,1 млн тенге, толығымен игерелді, — деді бөлім басшысы.
КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК — 185 944,3 МЫҢ ТЕҢГЕ
Бухгалтерлік есеп, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу бойынша кредиторлық берешектерге тоқталған қаржы бөлімінің басшысы 2024 жылы аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша кредиторлық берешектің мөлшері 185 944,3 мың теңгені құрайтынын айтты. Оның ішінде «Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Қамқор» КММ мәліметтері бойынша 78,2 мың теңге, «Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-нің мәліметтері бойынша 77,5 мың теңге болған. Бұл аталған берешектер — міндетті медициналық сақтандырулар және мемлекеттік қызметшінің iссапары бойынша көрсетілген.
—«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бойынша берешек 165 979,4 мың теңгені, «аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ бойынша кредиторлық берешек 17 396,9 мың теңгені құрайды. Ал қала және ауылдық округтер бойынша кредиторлық берешек 2 412,3 мың теңгені құрап отыр. Олар — көше жарығы және коммуналдық, байланыс қызметтері. Енді өткен жылғы аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша дебиторлық берешек туралы айтатын болсақ, оның жалпы сомасы 397 105,8 мың теңгені құрап отыр. Айталық, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бойынша берешек 394 447,9 мың теңгені, қала және ауылдық округтер бойынша 2 657,9 мың теңгені құрайды, — деді ол.
ИЕСІЗ ҒИМАРАТТАР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ БЕРІЛУДЕ
Аудандық коммуналдық мүлікті басқару жөнінде айтқан қаржы бөлімінің басшысы Айнагүл Назарбайқызы 2024 жылдың 12 айы ішінде коммуналдық мүлікті басқару бойынша ауданда алғашқы баланстық құны 1 075,7 млрд теңге құрайтын мүліктер мен объектілер қабылданғанын жеткізді. Одан басқа 430,7 млн теңге құрайтын коммуналдық меншіктегі мүліктер мекеменің балансынан басқа мекеменің балансына бекітіліп, жалпы құны 29,7 млн теңге құрайтын мүліктер республикалық меншікке, 111,0 мың теңге құрайтын мүліктер облыстық коммуналдық меншікке берілген.
Жем қаласындағы бұрынғы Ресей әскерінен қалған «Огонек» және «Чебурашка» балабақшаларының ғимараты сот шешімімен иесіздігі анықталды. Жем қаласындағы Бейбітшілік көшесіндегі №75 бұрынғы «Огонек» балабақшасының бағалау жұмыстары жүргізіліп, 3 127,0 мың теңгеге бағаланды. «Огонек» балабақшасының ғимараты Жем қаласы әкімдігінің балансына бекітіліп берілді. Аталған балабақшаның ғимаратына техникалық құжаттары мен жер актілері әзірленіп, аукционға www.e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік сайтына саудасаттыққа берілді. Аталған ғимарат үшінші рет сауда-саттыққа шығарылып төмендету әдісімен аукционға берілді. Аукционның 2024 жылдың 1 тамыздағы қорытындысымен жеңімпаз болып Ерлан Акимгереев анықталып, 410 572 теңгеге сатып алды. Сонымен бірге бұрынғы «Чебурашка» балабақшасының ғимараттары да сот шешімімен иесіздігі анықталып, Жем қаласы әкімінің аппаратының теңгеріміне бекітілді. Аталған ғимарат ескі болғандықтан пайдалануға өте жарамсыз. Осы мәселе бойынша бұзу жұмыстары жүргізілетін болады. Жем қаласы әкімдігінің тарапынан қаладағы бұзылған үйлердің орнын тазарту жұмыстарын жүргізу мәселесі қаралуда, — деді ол.
Оның сөзінше, қазіргі таңда иесіз деп танылған Қайыңды ауылдық округі Алтынды ауылынан 1 шақырым жерде орналасқан ұзындығы 2 246 метр, ені 113 метр, көлемі 447 656,204 текше метр, тереңдігі 4,6 метр, орташа тереңдігі 1,68 метр болатын су бөгеті «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының Мұғалжар аудандық тіркеу және жер кадастры бөліміне заңнамаға сәйкес бір жыл мерзім уақытқа иесіз ретінде мемлекеттік тіркелімге алынған. Бір жыл өткеннен кейінгі мерзімде аталған бөгет 2025 жылдың ма-мыр айында иесіз ретінде сотқа жолданған.
—Аудан бойынша иесіз және коммуналдық желілерді түгендеу, оларды энергия беруші ұйымдарды теңгеріміне немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі комиссия құрылып, түгендеу жұмыстары жүргізілуде, әрі қарай техникалық құжаттары әзірленіп, «Эн-ергосистема» ЖШС-не сенімгерлік басқаруға беріледі. Қандыағаш қаласының, Гагарина көшелерін абаттандыру, «Жастық» №4 ортамектебі бойындағы аумақты абаттандыру (ғимараттар, электр, ауылішілік көшілерін жарықтандыру) жерге орналастыру жобасы әзірленіп, әр қарай жұмыстары жалғасуда. Барлық объектінің меншік иесі мен техникалық төлқұжаты даярланды. Сонымен бірге «QAZJOBA» жауапкершілігі шектеулігі серіктестігінен сыйға берілген Ембі қаласының Ахмет Жұбанов, Елек Сағынов, С.Мамбетов көшелеріндегі автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыс жобалары аудандық коммуналдық меншікке қабылданып, «Мұғалжар ауданының Ембі қаласы әкімінің аппараты» ММ балансына бекітіліп берілді. Ал Мұғалжар ауданының коммуналдық меншігіндегі «QazagGaz Aimag» АҚ-на сенімгерлік басқарымға берілген 9 объектінің техникалық құжаттарын толықтыру жұмыстары бақылауға алынды. Ауданымыздағы Жұрын, Елек, Қаракөл ауылдарына жеткізуші газ құ-быры және ауылішілік газ құбырының құрылысы республикалық меншікке берілді, — деді қаржы бөлімінің басшысы.
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ: 145 КОНКУРС ӨТКІЗІЛГЕН
Аудан әкімінің 2024 жылдың 10 шілдедегі №201 қаулысына сәйкес, Мұғалжар ауданы бойынша қаржы бөлімі мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып бекітілген. Бұл туралы айтқан Айнагүл Қостайбекова бірыңғай ұйымдастырушы тарапынан 2024 жылы шілде айынан 31 желтоқсан аралығында барлығы 145 конкурс жарияланын жеткізді. Оның ішінде жалпы құны 4 776 315,8 млрд теңгеге 79 ашық конкурс, жалпы құны 872,2 млн теңгеге рейтингтікбалдық жүйе тәсілімен өткізілетін 47 конкурс, жалпы құны 21,8 млн теңге болатын біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін 13 конкурс ұйымдастырылған.
—Өткен жылы аудан бойынша 4 777 209,8 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілді. Аудандық мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тарапынан конкурстық құжаттаманың уақтылы қарамау, хаттамаларда ауытқу себептерінің толық сипаттамасын көрсетпеу және өтінімдерді уақытылы қарамау жөнінде заң бұзушылықтар орын алған жоқ, — деді бөлім басшысы.
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ