«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Quiz Battle 2025» зияткерлік ойыны сәтті өтті

Мұғалжар аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қандыағаш қаласында жалпы білім мен заманауи трендтер тақырыбын қамтыған «Quiz Battle 2025» атты зияткерлік ойын өтті. Ойын @doner_kz_kandyagash қоғамдық тамақтану орнының алаңында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Зияткерлік сайысқа барлығы 13 команда, яғни 50-ден астам қатысушы тартылды. Қатысушылар логикалық тапсырмалар мен заманауи бағыттағы сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерін, тапқырлықтарын, жылдамдықтарын және командалық бірліктерін көрсете білді.
Ойын бірнеше раундтан тұрды. Әр кезең сайын қатысушылар тартысты бәсекеге түсіп, интеллектуалды қабілеттерімен көзге түсті. Жүргізушілердің шеберлігі, көрермендердің қолдауы кештің ерекше атмосферасын қалыптастырды.
Сайыстың қорытындысы бойынша I орынды «Оян» командасы алып, жүлделі болып, смарт теледидар ұтып алды. Ал «Гимназия» командасы ІІ орынды иеленіп, микротолқынды пеш, үштікке табан тіреген «Үш түйін» командасы музыкалық колонканы иеленді. Сонымен қатар барлық қатысушы командаларға арнайы сертификаттар табысталды.

Ұқсас ақпараттар

ЖАС БОКСШЫЛАР ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

admin_mugalzhar

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

admin_mugalzhar

Костенко шахтасында қаза тапқандар саны өсті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.