«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

31 ТҮЛЕК «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша аудан мектептерін 672 түлек бітіріп, қолдарына орта мектепті бітіргені туралы аттестаттарын алды.

Аудандық білім бөлімінің мамандары 2024-2025 оқу жылында мектеп бітіруші түлектердің арасында 31 түлек «Алтын белгіге» және 38 түлек «Үздік аттестатқа» ие болғанын хабарлады.

Биылғы оқу жылын ойдағыдай аяқтап жатырмыз. Осы жылы аудан мектептерін жалпы саны 12 741 оқушы аяқтады. Оның 1156-сы 9- сыныпты бітіріп, куәлік алса, 1270-сі бастауыш сыныппен қоштасты. 5, 6, 7, 8 және 10-сынып оқушылары 27-31 мамыр аралығында қазақ тілінен емтихан тапсырды. Мектеп бітірген 672 түлектің 668-і Ұлттық бірыңғай тестке қатысу үшін ұсыныс білдіріп, тест тапсыруда. Осы уақытқа дейін өткен ҰБТ-дан жақсы нәтиже көрсетіп, жоғары балл жинаған оқушыларымыз бар. Соңғы тест 7-ші шілдеді өтеді. Соның қорытындысын көре-тін боламыз, — деді аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Жандос Байтақов.

 

Ұқсас ақпараттар

Комада жатқан науқастарға мүгедектік рәсімдеу жеңілдеуі мүмкін

admin_mugalzhar

18 наурыз – Ұлттық киім күні

admin_mugalzhar

Жаңаөзенде балалар ауруханасында қызметкерлер 37 миллион теңгеден аса ақша жымқырған

admin_mugalzhar