«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН»: ҚАНДЫАҒАШТЫҚТАРҒА ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ ОБЛЫСҚА КЕЛІП, ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ. АТАЛҒАН ПОЙЫЗ 25-26 МАУСЫМ КҮНДЕРІ ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНА КЕЛІП, ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҚЫЛАЙТЫН БОЛАДЫ.

Медициналық пойызда жалпы саны 29 дәрігер терапия, хирургия, педиатрия, кардиология, неврология, оториноларингология, офтальмология, стоматология, гинекология, урология, функционалды диагностика, рентген және психология салалары бойынша қабылдайды. Кеңес беруден бөлек, пойызда УДЗ, ЭКГ, флюорография, гастрофиброскопия, қан талдауы және басқа да диагностикалық тексерулерден өтуге болады. Қажет болған жағдайда шағын хирургиялық операциялар жасалады. Барлық санитарлық және техникалық талаптар сақталған, пойыз заманауи жабдықтармен қамтылған.

Дәрігерлермен қатар тұрғындарды ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия атынан келген заңгерлер мен медиаторлар қабылдайды. Олар еңбек дауларын шешуге, әлеуметтік төлемдерді рәсімдеуге, сот және құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруге көмектеседі.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

ZHULDYZDY ZHOL 2025: Қазақстанда жас таланттарға арналған бірегей музыкалық тележоба басталады

admin_mugalzhar

6 өңірде су тасқыны болуы мүмкін

admin_mugalzhar

ӘРБІР БАЛА — БІР ЖҰЛДЫЗ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.