«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Комада жатқан науқастарға мүгедектік рәсімдеу жеңілдеуі мүмкін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комада жатқан азаматтарға қатысты құжат рәсімдеуді жеңілдететін бұйрық жобасын әзірледі.

Жаңа ұсынысқа сай, медициналық-әлеуметтік сараптамаға өтінішті енді науқастың өзі емес, оның жақын туыстары немесе жұбайы бере алады. Бұл өзгеріс заңмен бекітілмек.

🔹 Мақсат — бюрократиялық кедергілерді азайтып, әлеуметтік көмекке қолжетімділікті арттыру
🔹 Мүгедектік мәртебесін уақытылы алу және жәрдемақыны кешіктірмей тағайындау жеңілдейді
🔹 Төлемдерді рәсімдеу процесі ашық әрі ыңғайлы болмақ

💬Қазір құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауда.

Ұқсас ақпараттар

Өткеннен оралған “Жармола жәрмеңкесі”

admin_mugalzhar

«Тек сот шешімімен ғана» – Қазақстанда тұрғын үй құқығына кепілдікті конституциялық деңгейде күшейту ұсынылды

admin_mugalzhar

МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН АТА-АНАҒА ҚАНША ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕДІ

admin_mugalzhar