«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. «Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау – нағыз отаншылдықтың көрінісі. Отанға сүйіспеншілік – мемлекеттілігіміздің темірқазығы. Қазақстан жастарының мұны жақсы түсініп, қолдайтынына ризамын. Мемлекет руханият саласын барынша дамыта береді. Дәстүрлі өнердің дүлдүлдері Қайрат Байбосынов «Қазақстанның Еңбек Ері», Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова «Қазақстанның халық әртісі» атағына ие болды. Қасиетті қара домбыраның күмбірін бүкіл әлемге паш етіп жүрген азаматтарға алғыс айтамын, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында.

Ұлттық домбыра күні шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРДА ТОЙ ӨТТІ ДҮБІРЛЕГЕН

admin_mugalzhar

ӘЛИМА САЛҒАН ЖЫР ҚАНДАЙ?

admin_mugalzhar

Әсемгүл ӨЗБЕК, бесік тербеткен келін: БЕСІК – ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТЫНЫШ ҰЙҚЫНЫҢ КЕПІЛІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.