Жуырда күні Қандыағаш қаласында Мұғалжар ауданынан жиналған қыз-келіншектерге арналғанбірқатарпрактикалық шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Шара «Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде, «Қамқор» отбасын қолдау орталығының қолдауымен өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – әйелдердің жеке бастамаларын дамытуға жол ашу, цифрлық сауаттылық пен шығармашылық дағдыларын арттыру, сондай-ақ үй жағдайында да қолдануға болатын табыс көздерімен таныстыру болды. SMM бойынша шеберлік сағаты барысында қатысушылар әлеуметтік желі арқылы өнім мен қызметті жарнамалаудың негіздерін, мақсатты аудиториямен тиімді жұмыс істеудің жолдарын, визуал менмәтіндік контенттісауаттықұру әдістерін үйренді. Әлеуметтік медианың бүгінгі қоғамдағы ықпалына ерекше назар аударылды.
Мобилография бойынша сабақта смартфон арқылы сапалы фото және видео түсірудің техникалық қыр-сыры таныстырылды. Жарық пен композиция, кадр құру, ракурстаң даудың маңыздылығы айтылып, қатысушылар тәжірибе арқылы меңгерді. Бұл бөлім — визуалды сауат пенжеке контент жасауда маңызды бағыттардың бірі ретінде бағаланды
Кондитерлік шеберлік сағаты түстен кейінгі уақытта өтті. Мұнда қатысушылар үй жағдайында жасалатын танымал десерт түрлерін дайындаудың жолдарын үйреніп қана қоймай, оларды безендіру мен эстетикалық түрде ұсыну тәсілдерін демеңгерді. Тәттідайындау ісі – жай ғана хобби емес, табыс көзіне айналуы мүмкін екенін дәлелдейтін шабытты сәт болды.
Шеберлік сағаттарын контент және визуал саласындағы тәжірибелі тренер Диана Биксариевамен өз ісінің шебері, кондитер маман Жанерке Есқайырова жүргізді. Сабақтар интерактивті форматта өтіп, қатысушылар өз сұрақтарына нақты жауап алып, жаңа білім мен тәжірибені меңгеріп қайтты. Бұл шара – заманауи қоғамдағы әйел рөлін нығайтуға, олардың бастамалары мен әлеуетін қолдауға бағытталған нақты қадамдардың бірі. Практикалық бағыттағы мұндай кездесулер – текақпарат беру ғана емес, сонымен бірге сенім ұялататын, шабыт сыйлайтын, әрекетке итермелейтін орта қалыптастырады.